Xiaomi REDMI Note 15 — Titan Batyr
Қазақстанда REDMI Note 15 / 15 Pro / 15 Pro+ 5G сериясын іске қосу коммуникациясы Titan Batyr платформасының айналасында құрылды. Негізгі идея — күш, төзімділік және мінез. Кампанияның басты элементтерінің бірі Назым Қызайбаймен имидждік түсірілім болды. Спортшының бейнесі жаңа смартфондар желісінің беріктік, сенімділік және сынақтарға дайын болу сияқты қасиеттерімен табиғи түрде үйлесті. Кампанияны техноблогерлермен және экстремалды контент авторларымен коллаборациялар күшейтті. Стандартты шолулардың орнына нативті контентке, нақты сынақтар мен краш-тесттерге басымдық берілді.
Жобаның міндеттері:
Қазақстандағы жаңа REDMI Note сериясының танымалдығын арттыру, брендтің беріктік пен сенімділікке қатысты ассоциациясын күшейту, Titan Batyr позиционирлеуін жергілікті аудиторияға бейімдеу және спорт амбассадоры мен KOL-маркетинг арқылы аудиторияны тарту.
Аружан Жусупова
Digital PR - директор
Titan Batyr жобасында біз үшін смартфонның техникалық сипаттамаларын жай ғана көрсету емес, өнімге мінез беру маңызды болды. Назымның бейнесі күш пен төзімділік идеясын табиғи түрде ашты, ал блогерлер мен краш-тесттер арқылы біз бұл оқиғаны digital кеңістікте жалғастырып, құрылғының мүмкіндіктерін нақты көрсете алдық.
Нәтиже:
Titan Batyr кампаниясы Қазақстандағы жаңа REDMI Note сериясын іске қосудың маңызды бөлігіне айналды. Назым Қызайбаймен түсірілім брендтің күш пен мінезге қатысты ассоциациясын күшейтті, ал KOL-маркетинг пен нативті сынақтар өнімнің танымалдығын, талқылануын және аудиторияның белсенділігін арттыруға көмектесті.