Артқа қайту

McDonald’s / Food Solutions KZ

Желінің ребрендинг кезінде қолдау көрсету

Міндет

 2022 жылы McDonald’s мейрамханалар желісі Қазақстан нарығынан шыққан болатын, бұл жағдай БАҚ пен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс туғызды. Агенттік алдында күрделі міндет тұрды: теріс әсерді минимизациялау, компанияның репутациясын қолдау және Food Solutions KZ жаңа брендімен желінің плавды ребрендингін қамтамасыз ету.

Мадина Мусаева

PR-директор

«Дағдарыс жағдайлары жылдам әрекет ету мен ойластырылған стратегиялық шешімдерді талап етеді. Негізі тек теріс пікірлермен жұмыс істеп қана қоймай, аудиториямен жаңа коммуникация құру маңызды. Біз шұғыл түрде PR-стратегиясын жасап, дағдарысты жұмсартуға ғана емес, жаңа брендті оң қабылдауды қалыптастыруға көмектестік».

Нәтиже

  • Негативті пікірлермен жұмыс, дағдарысқа қарсы хабарламаларды дайындау және ақпараттық алаңды мониторингтеу арқылы PR-стратегиясы әзірленді.
  • Қазақстанның негізгі БАҚ-тарында жағдайды түсіндіретін 50-ден астам жарияланым ұйымдастырылды.
  • Жаңа брендті аудиторияға таныстыруға бағытталған «Біз ашықпыз. Мы открыты» кампаниясы өткізілді.
  • Қызметкерлерді қолдау мақсатында «Мен Юлиямын» және «Мен Аружанмын» HR-кампаниялары басталды.
  • Халықаралық және қазақстандық БАҚ-пен өзара әрекеттесу нәтижесінде жаңалықтардың нейтралды тону сақталды, репутациялық тәуекелдердің алдын алу мүмкін болды.