ЮНЕСКО: Жібек жолы бағдарламасына PR-қолдау
МІНДЕТТЕРI
- Кең аудитория мен кәсіби қауымдастық арасында «Орталық Азиядағы Жібек жолы бойындағы Дүниежүзілік мұра нысандарын қолдау» бағдарламасы туралы хабардарлықты арттыру.
- Жобаның ұлттық және халықаралық БАҚ-та сапалы жариялануын қамтамасыз ету.
- Қоғамдық талқылауларға негізгі сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдерін тарту.
Бағдарламаның мәдени және тарихи маңыздылығын айқындайтын имидждік контент әзірлеу.
Дания Абдрахманова
PR директордың орынбасары
"ЮНЕСКО-мен жұмыс істеу – бұл әрқашан стратегиялық коммуникация мен көп деңгейлі өзара әрекеттестікті білдіреді. Біз үшін жобаны тек БАҚ-та жариялау ғана емес, оның құндылығын негізгі стейкхолдерлерге жеткізу маңызды болды. Аудиторияны кеңінен қамту және тарту мақсатында дәстүрлі PR мен digital-коммуникацияны ұштастыруға баса назар аудардық."
НӘТИЖЕCI
- Мәдениет пен мұраға арналған мамандандырылған басылымдарды қоса алғанда, ұлттық және халықаралық жетекші БАҚ-та 30-дан астам жарияланым жарық көрді.
- ЮНЕСКО және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ресми баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, модерация жүргізілді.
- Әлеуметтік желілерде 100 000-нан астам қаралым жинаған бейнероликтер мен фотоконтент сериясы жасалды.
- Жоба аймақтағы негізгі мәдени іс-шараларға қатысып, ұлттық күн тәртібіне енгізілді.
- Қазақстан мен Орталық Азияда ЮНЕСКО бастамаларына деген қызығушылық артты, серіктестік байланыстар нығайтылды.